АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстанда 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлады сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.
Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісі жексенбі күні Астана уақытымен сағат 08.05-те болған.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 786 километр жерде Қазақстан аумағында орналасты", — деп жазылған хабарламада.
Зілзала ошағы 10 километр тереңдікте жатты. Сезілгені туралы мәліметтер жоқ.