Спорт

"Головкиннің жолын жапты". WBC президенті сенсациялық мәлімдеме жасады

Сулейманның пікірінше, бокс әлеміндегі ұйымдар Геннадий Головкиннің рингке шығуына тосқауыл болып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik.  Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман Испанияның Marca газетіне берген сұхбатында қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке неге әлі күнге дейін қарсылас табылмай жатқанын түсіндірді, деп жазды Sports.kz.  

Сулейман WBC ұйымы Головкинді сөзсіз қолдайтынын атап өтті. 

Геннадий Головкин: маған бокс қызық болмай барады

"Оның жолын жауып тастады. Комиссия, промоутерлер, телевидение мен өзге де бокс әлеміндегі ұйымдар оның рингке шығуына тосқауыл болуда. Көп ұсыныс жасалды, олар қабыл алмай жатыр", — деп мәлімдеді WBC президенті. 

Айта кетейік, бұдан бұрын промоутер Том Леффлер 5 мамырдағы жекпе-жектің тоқтатылуы мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын. Мәселенің анық-қанығы 18 сәуір – Альварестің ісі қаралатын күнге қарай белгілуі болуы тиіс.   

Маурисио Сулейман "2019 жылы Головкин — "Канело" жекпе-жегі өте ме?" деген сұраққа да жауап берді, оның пікірінше, бұл комиссияның 18 сәуірдегі шешіміне байланысты болмақ.

"Ол уақытша спорттан шеттетіледі деп болжануда. Оның мерзімі анықталған күні бұл жекпе-жектің 2018 немесе 2019 жылы өтетін-өтпейтіні түсінікті болады", — деді Сулейман.