АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Дүниежүзілік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман Испанияның Marca газетіне берген сұхбатында қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) 5 мамырға белгіленген жекпе-жекке неге әлі күнге дейін қарсылас табылмай жатқанын түсіндірді, деп жазды Sports.kz.
Сулейман WBC ұйымы Головкинді сөзсіз қолдайтынын атап өтті.
"Оның жолын жауып тастады. Комиссия, промоутерлер, телевидение мен өзге де бокс әлеміндегі ұйымдар оның рингке шығуына тосқауыл болуда. Көп ұсыныс жасалды, олар қабыл алмай жатыр", — деп мәлімдеді WBC президенті.
Айта кетейік, бұдан бұрын промоутер Том Леффлер 5 мамырдағы жекпе-жектің тоқтатылуы мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын. Мәселенің анық-қанығы 18 сәуір – Альварестің ісі қаралатын күнге қарай белгілуі болуы тиіс.
Маурисио Сулейман "2019 жылы Головкин — "Канело" жекпе-жегі өте ме?" деген сұраққа да жауап берді, оның пікірінше, бұл комиссияның 18 сәуірдегі шешіміне байланысты болмақ.
"Ол уақытша спорттан шеттетіледі деп болжануда. Оның мерзімі анықталған күні бұл жекпе-жектің 2018 немесе 2019 жылы өтетін-өтпейтіні түсінікті болады", — деді Сулейман.