АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев брифинг барысында еліміздің бірқатар өңірінде аса қауіпті қылмыскерлер ұсталғанын мәлімдеді.
"ІІМ криминалды полиция департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Шымкентте 10 сәуірде Астанада жеке кәсіпкерді өлтірген елорданың екі тұрғыны ұсталды", — деді Садубаев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ІІМ жедел уәкілдері Қарағандыда адам өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеуде болған екі күдіктіні қолға түсірген.
Ал Павлодар облысының тәртіп сақшылары Ақсуда 12 сәуірде адам өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.