Оқиға

Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды

Алладан қорықпаған басбұзар киелі кітап құранды шашып, аяққа таптаған
Sputnik

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында ауыл тұрғыны мешітке шабуыл жасап, Алла үйінің астан-кестеңін шығарған, терезелерін талқандаған, деп хабарлады 77news.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкентте мешітке арам оймен барғандар ұсталды

Алладан қорықпаған басбұзар киелі кітап құранды шашып, аяққа таптаған. Есік, терезелерін, мешіт мүлкін әбден талқандаған. Алайда ұрлық дерегі байқалмаған.

Бұл – Қордай ауданында сәрсенбі күні болған оқиға. Ал кеше Алла үйін қиратқан қарақшы құрықталды. Мешіттің астан-кестеңін шығарған күнәһар Шу ауданы Жданов ауылының тұрғыны болып шықты. Ол бұзақылық жасаған кезде мас болған көрінеді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Арақтың арбауына түскен күдіктінің ісі сотта қаралады.