Өңірлер

Шымкентте мешітке арам оймен барғандар ұсталды

© SputnikМешіт, архивтегі сурет
Мешіт, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлердің айтуынша, қалта ұрлығының көбісі адамдар көп шоғырланған базарлар мен қоғамдық көліктерде жасалады

АСТАНА, 29 наурыз  — Sputnik. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында биылғы жылдың басынан бері шамамен 50 бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын ашты және облыс орталығы аумағында ұрлықпен айналысып жүрген бес қалта ұрысын ұстады, деп хабарлайды otyrar.kz

Сіріңке - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да молда мешітте өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды
Сонымен, полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы мешіттерде қалта ұрлығымен айналысып жүрген жергілікті тұрғынды ұстады. Мысалға, полиция бөліміне 27 жастағы жәбірленуші арызданған, онда мешітке барған кезінде белгісіз тұлға оның киімінің қалтасынан бағасы шамамен 30 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20-25 жастағы күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктінің шамамен 20 бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәжірибе көрсеткендей қалта ұрлығының көбісі адамдар көп шоғырланған базарлар мен қоғамдық көліктерде жасалады. Әдетте, қалта қағарлар азаматтардың бейқам не ұқыпсыздығын пайдаланып, жәбірленушілердің ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын оңай жымқырып жатады.


Жаңалықтар
0