Қоғам

Мәскеуде анасы сатпақ болған қазақстандық бала әкесіне қайтарылды

Ерлі-зайыптылар көптен бері бірге тұрмайды екен. Тергеу анықтағандай, баланы әкесіне қайтаруға заңды кедергілер жоқ
Sputnik

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Мәскеуде қазақстандық әйел 20 мың долларға сатпақ болған сәби әкесіне қайтарылды, деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитеті.

Мәскеуде қазақстандық әйел сәбиін сатпақ болды

Қазақстанның 33 жастағы азаматшасы былтырғы жылы әлеуметтік желіде жаңа туған нәрестесіне ата-ана іздеп жүргенін жазып хабарландыру берген. Баланың құнына 20 мың доллар сұрапты. Биыл сәуірдің басында әйел Мәскеуге барып, сәбиін сатпақ болады. Ал асырап алушы ата-ананың рөлін полицейлер атқарған екен. 

Сол жерде әйел адам баладан бас тартатыны туралы жазып беріп, кейінірек ақша алар кезде ұсталған. Сәбиді балалар үйіне орналастырып, ал әйелге қатысты адам сату туралы қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып танылған сәбидің әкесі табылды. Оның айтуынша, әйелімен бірге көптен бері тұрмайды екен, балаға қатысты арада дау туындапты. 

Сараптама нәтижесінде тергеу анықтағандай, баланы әкесіне беруге ешқандай заңды кедергі жоқ.