Өңірлер

ОҚО-да басқарма басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

Күдікті Ауғанстанның төрт тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмектеспекші болған
Sputnik

АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. ОҚО-да ІІД көші-қон қызметі басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Пара беріп ұсталған "Қазавтожолдың" экс-басшыларының бірі асылып қалды

"ҰҚК департаментінің жедел тергеу тобы ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында 10 сәуір күні облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Н.Төлегенұлы Ауғанстанның төрт тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін 3500 доллар (шын ақша) және 30 000 доллар (муляж) мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұсталды", — деп мәлімдеді Садубаев. 

Ұсталған азамат Шымкент ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүріп жатыр.