АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Өскемен – Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі.
"Бүгін Өскемен – Алматы тас жолында Таскескен ауылынан 15 шақырымдай жерде жүк көлігі жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы бетке шығып кетіп, жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, араларында бес жасар бала болған. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлайды ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаев.
Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді.