Оқиға

Жүк көлігі қарама-қарсы бетке шығып кетіп, төрт кісі мен бір бала ажал құшты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Өскемен – Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі.

Шанхай - Sputnik Қазақстан
Әлем
Шанхайда жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

"Бүгін Өскемен – Алматы тас жолында Таскескен ауылынан 15 шақырымдай жерде жүк көлігі жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы бетке шығып кетіп, жеңіл көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, араларында бес жасар бала болған. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлайды ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаев. 

Аталмыш дерек сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді.


Жаңалықтар
0