Қоғам

Қостанайдың сауда орталығына жасөспірімдер "жарылғыш зат" алып келді

Жасөспірімдер қолдан жасалған "қопарғыш жабдықпен" достарын қорқытпақшы болған. Құқық бұзғаны үшін балалардың ата-анасы жазаланады
Sputnik

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Қостанайлық екі жасөспірім жарылғышға ұқсайтын зат жасап, достарын қорқытқысы келген, деп хабарлады alau.kz.

Жамбыл облысындағы жатақханаға әскери адам «жарылғыш» қойды

"Ол зат қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға өте ұқсас болды. Оның микросхемасы, батареялары, сымдары бар, қорабы да мінсіз жасалған. Бұл затты олардан күзетшілер тауып алған. Олар оны достарына көрсетіпті. Қалжыңдаған түрлері ғой", — дейді полицияның экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ербол Дербис.

Жасөспірімдердің әрекетінде қылмыс белгілері жоқ, алайда құқық бұзғаны үшін ата-аналары жазаланады.

Соңғы үш жылда Қостанай облысында терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратуға қатысты 24 факті тіркелген. Олардың бесеуін кәмелетке толмағандар жасаған.