АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Әскери бөлімнің офицері Жамбыл облысы Гвардейский поселкесіндегі жатақханаға бомба қойылғаны жайында жалған хабар бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Алматы гарнизонының әскери соты.
Соттың мәліметтері бойынша, осы жылдың 25 маусымында Гвардейский поселкесіндегі 30212 әскери бөлімінде кезекшілік атқарған лейтенант өзінің ұялы телефонынан №7 жатақхананың кезекшісіне қоңырау шалып, 30 минуттан соң ғимаратта жарылыс болатынын хабарлайды.
Оқиға орнынан келіп жеткен шұғыл қызметтер жатақханадан жарылғыш зат таппайды.
Сот офицерді бір жылға бас бостандығынан айырды. Оған қоса, сотталушы әскери атағынан айырылды. Сотталушы сот залынан қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.