Қоғам

Абаев: біз Telegram-ды бұғаттауға мүдделі емеспіз

Мессенджер соттың "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік қозғалысының материалдарын өз каналынан өшірмесе, оның жұмысы шектелуі мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстанда қолданыс аясы кеңейіп келе жатқан Telegram мессенджерін бұғаттауға мүдделі емес, деп мәлімдеді ведомство басшысы Дәурен Абаев.

Абаев екі редакциядағы тінтуге қатысты мәлімет берді
 

"Ақпарат және коммуникациялар министрлігі сот шешімін орындау үшін барлық қажетті шараны қолға алуға міндетті. Осыған байланысты тиісті хабарландырулар, соның ішінде Telegram әкімшілігіне де жіберілді. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр, біз Telegram секілді Қазақстанда танымал болып келе жатқан мессенджерді бұғаттауға мүдделі емеспіз", — деді Абаев үкімет отырысынан кейін. 

Айта кетсек, егер Telegram қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің республикада тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының материалдарын өшіру туралы сот шешімін орындамаса, онда мессенджердің жұмысы шектелуі мүмкін.