Фото

Шығыс Қазақстандағы тасқын сумен күрес

Sputnik

ІІМ мәліметіне сүйенсек, республика бойынша 50 елді мекендегі 1500 үйді су басып кеткен. 3800-ден астам адам эвакуацияланды. Су басудың басты себептері – күн күрт  жылынып, жауын-шашын мөлшері нормадан үш есе асып кетуі.

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов айтқандай, Шығыс Қазақстан облысында 390-нан астам үй мен 185 ауланы су басып қалған. 

Семей, Аягөз, Зыряновск және Шемонаихада жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды. Апаттық құтқару шарларына 1000-нан астам адам, 200 техника жұмылдырылған.


1 / 10
Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін биылғы көктем үлкен бір сынақпен басталды. Табиғаттың алапат күшімен күресу оңай емес.
2 / 10
Өңірдің суға кеткен елді мекендеріне өткен аптада ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин барып қайтты. Тілшілердің министр орынбасарына қойған басты сауалы:"өңірде жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жариялана ма?". Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов су тасқынымен күресуге техника мен құралдардың жетіспеушілігін айтып, үкіметтен жәрдем сұраған еді.
3 / 10
Юрий Ильиннің мәліметіне сүйенсек, Зырян ауданында су басу қаупінің тағы бір толқыны төніп тұр. Бұл жақта жер қыртысында мұз қатып, еріген қар суы жерге сіңбей, елді мекендерге қарай ағып жатыр.
4 / 10
Зырян ауданында су тасқынынан 414 үй зардап шеккен. Олардың 285-і судан тазартылды. Тағы 129 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Әлі 74 үй су астында. Әкім Даниал Ахметовтың айтуынша, олар жөндеуге жарамсыз.
5 / 10
Қызыл Жарты ай ұйымының мәліметіне сүйенсек, су тасқыны салдарынан үйлері бұзылғандарға, жалғыз басты зейнеткерлерге, жалғыз басты аналарға, көпбалалы отбасыларға жәрдем көрсетіледі.
6 / 10
Суретте Глубокое ауданындағы су басу деңгейін көруге болады. Елді мекендер тасқын судан тазартылды, тұрғындар үйлеріне қайтып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
7 / 10
Құтқарушылардың сөзіне сүйенсек, кей адамдар үйлеріндегі бағалы заттарын тастап кетуден қорқып, эвакуациядан бас тартады екен.
8 / 10
Тасқын су Семей тұрғындарының да төзімін сынға алды. Суретте: Ертіс өзеніндегі мұздың сөгілуі.
9 / 10
Семейде қала әкімінің бұйрығымен жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланған.
10 / 10
Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жою үшін үкімет 2 миллиард теңге бөледі.