ІІМ мәліметіне сүйенсек, республика бойынша 50 елді мекендегі 1500 үйді су басып кеткен. 3800-ден астам адам эвакуацияланды. Су басудың басты себептері – күн күрт жылынып, жауын-шашын мөлшері нормадан үш есе асып кетуі.
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов айтқандай, Шығыс Қазақстан облысында 390-нан астам үй мен 185 ауланы су басып қалған.
Семей, Аягөз, Зыряновск және Шемонаихада жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды. Апаттық құтқару шарларына 1000-нан астам адам, 200 техника жұмылдырылған.
© Photo : пресс-служба Красного Полумесяца КазахстанаШығыс Қазақстан тұрғындары үшін биылғы көктем үлкен бір сынақпен басталды. Табиғаттың алапат күшімен күресу оңай емес.
1/10
© Photo : пресс-служба Красного Полумесяца Казахстана
Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін биылғы көктем үлкен бір сынақпен басталды. Табиғаттың алапат күшімен күресу оңай емес.
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКӨңірдің суға кеткен елді мекендеріне өткен аптада ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин барып қайтты. Тілшілердің министр орынбасарына қойған басты сауалы:"өңірде жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жариялана ма?". Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов су тасқынымен күресуге техника мен құралдардың жетіспеушілігін айтып, үкіметтен жәрдем сұраған еді.
2/10
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК
Өңірдің суға кеткен елді мекендеріне өткен аптада ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин барып қайтты. Тілшілердің министр орынбасарына қойған басты сауалы:"өңірде жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жариялана ма?". Бұдан бұрын ШҚО әкімі Даниал Ахметов су тасқынымен күресуге техника мен құралдардың жетіспеушілігін айтып, үкіметтен жәрдем сұраған еді.
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКЮрий Ильиннің мәліметіне сүйенсек, Зырян ауданында су басу қаупінің тағы бір толқыны төніп тұр. Бұл жақта жер қыртысында мұз қатып, еріген қар суы жерге сіңбей, елді мекендерге қарай ағып жатыр.
3/10
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК
Юрий Ильиннің мәліметіне сүйенсек, Зырян ауданында су басу қаупінің тағы бір толқыны төніп тұр. Бұл жақта жер қыртысында мұз қатып, еріген қар суы жерге сіңбей, елді мекендерге қарай ағып жатыр.
© Photo : ДЧС ВКОЗырян ауданында су тасқынынан 414 үй зардап шеккен. Олардың 285-і судан тазартылды. Тағы 129 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Әлі 74 үй су астында. Әкім Даниал Ахметовтың айтуынша, олар жөндеуге жарамсыз.
4/10
© Photo : ДЧС ВКО
Зырян ауданында су тасқынынан 414 үй зардап шеккен. Олардың 285-і судан тазартылды. Тағы 129 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Әлі 74 үй су астында. Әкім Даниал Ахметовтың айтуынша, олар жөндеуге жарамсыз.
© Photo : пресс-служба Красного Полумесяца Казахстана Қызыл Жарты ай ұйымының мәліметіне сүйенсек, су тасқыны салдарынан үйлері бұзылғандарға, жалғыз басты зейнеткерлерге, жалғыз басты аналарға, көпбалалы отбасыларға жәрдем көрсетіледі.
5/10
© Photo : пресс-служба Красного Полумесяца Казахстана
Қызыл Жарты ай ұйымының мәліметіне сүйенсек, су тасқыны салдарынан үйлері бұзылғандарға, жалғыз басты зейнеткерлерге, жалғыз басты аналарға, көпбалалы отбасыларға жәрдем көрсетіледі.
© Photo : предоставлено инфоцентром ВКОСуретте Глубокое ауданындағы су басу деңгейін көруге болады. Елді мекендер тасқын судан тазартылды, тұрғындар үйлеріне қайтып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
6/10
© Photo : предоставлено инфоцентром ВКО
Суретте Глубокое ауданындағы су басу деңгейін көруге болады. Елді мекендер тасқын судан тазартылды, тұрғындар үйлеріне қайтып, жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКҚұтқарушылардың сөзіне сүйенсек, кей адамдар үйлеріндегі бағалы заттарын тастап кетуден қорқып, эвакуациядан бас тартады екен.
7/10
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК
Құтқарушылардың сөзіне сүйенсек, кей адамдар үйлеріндегі бағалы заттарын тастап кетуден қорқып, эвакуациядан бас тартады екен.
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКТасқын су Семей тұрғындарының да төзімін сынға алды. Суретте: Ертіс өзеніндегі мұздың сөгілуі.
8/10
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК
Тасқын су Семей тұрғындарының да төзімін сынға алды. Суретте: Ертіс өзеніндегі мұздың сөгілуі.
© Photo : предоставлено КЧС МВД РКСемейде қала әкімінің бұйрығымен жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланған.
9/10
© Photo : предоставлено КЧС МВД РК
Семейде қала әкімінің бұйрығымен жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланған.
© Photo : инфоцентр ВКОШығыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жою үшін үкімет 2 миллиард теңге бөледі.
10/10
© Photo : инфоцентр ВКО
Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынының салдарын жою үшін үкімет 2 миллиард теңге бөледі.