Видео

Астана түбіндегі жолды су алып кетті - видео

Ақмола облысының Преображенка және Рақымжан Қошқарбаев ауылдары арасындағы тас жолды су алып кетіп, ауыл тұрғындары елді мекеннен шыға алмай отыр
Sputnik

Су алып кеткен жердің ені 15-20 метр, жолда жүру жылдамдығына шектеу қойылып, полиция бекеті ұйымдастырылды.

Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев атындағы ауыл әкімдігі хабарлағандай, бұл жерді жыл сайын еріген қар су алып кетеді екен.

Преображенка ауылы Астанадан 28 шақырым қашықтықта орналасқан.