Су алып кеткен жердің ені 15-20 метр, жолда жүру жылдамдығына шектеу қойылып, полиция бекеті ұйымдастырылды.
Целиноград ауданы Р. Қошқарбаев атындағы ауыл әкімдігі хабарлағандай, бұл жерді жыл сайын еріген қар су алып кетеді екен.
Преображенка ауылы Астанадан 28 шақырым қашықтықта орналасқан.