Қоғам

Ғалымдар қалай дұрыс ұйықтау керек екенін айтты

Дұрыс ұйықтаған адам күні бойы өзін сергек сезініп, өнімді еңбек етеді
Sputnik

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Түнгі демалысты дұрыс ұйымдастыру және циркадалық ырғақты сақтау адамға өзін сергек сезініп, айтарлықтай еңбек өнімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Ғалымдар макароннан бас тартпай-ақ қалай арықтауға болатынын айтты

АҚШ-тағы Альберт Эйнштейн медициналық колледжінің зерттеушілері осындай қорытындыға келіп отыр, деп жазады Science Alert.

Тағы бір маңызды жайт, ұйықтаған уақытта бас пен мойын дұрыс қалыпта болуы үшін арнайы жастық керек. Егер адамға арқасымен жатып ұйықтаған ыңғайлы болса,  АҚШ-тың ұлттық ұйқы қорының мамандары аяқтың астына жастық салуға кеңес береді. 

Зерттеушілердің айтуынша, етпетінен жатып ұйықтаған зиян, өйткені адамның ішкі органдарына үлкен салмақ түседі. 

Бұған дейін Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары түнде көтерілген температураның адамның ұйқысына теріс ықпал ететінін анықтады.