Спорт

Дмитрий Баландин Испанияда екінші "алтынын" алды

Олимпиада чемпионы 50 метрлік брасспен жүзу жарысында қарсылас шақ келтірмеді
Sputnik

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Малагада өтіп жатқан жүзуден Испания ашық чемпионатында кезекті "алтынын" алды, деп жазды prosports.kz. 

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Испанияда "алтын" алды

Ол 50 метрлік брасспен жүзу жарысында қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Дмитрий бір бассейнді 27.80 секундта жүзіп өтті.

Қазақстандық тағы бір жүзуші Айбек Қамзенов 28.56 секунд көрсетіп, қола медаль еншіледі.

Естеріңізге салсақ, Баландин кеше 200 метрлік брасс қашықтығында "алтын" алған болатын. Оған дейін Әділбек Мусин 50 метрлік баттерфляй жарысында күміс медальге қол жеткізді.