АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Малагада өтіп жатқан жүзуден Испания ашық чемпионатында кезекті "алтынын" алды, деп жазды prosports.kz.
Ол 50 метрлік брасспен жүзу жарысында қарсылас шақ келтірмеді. Финалда Дмитрий бір бассейнді 27.80 секундта жүзіп өтті.
Қазақстандық тағы бір жүзуші Айбек Қамзенов 28.56 секунд көрсетіп, қола медаль еншіледі.
Естеріңізге салсақ, Баландин кеше 200 метрлік брасс қашықтығында "алтын" алған болатын. Оған дейін Әділбек Мусин 50 метрлік баттерфляй жарысында күміс медальге қол жеткізді.