Өңірлер

Ақмола облысында күйеуімен ренжісіп қалған әйел өз-өзіне қол салмақ болды

Әйел адамды полиция қызметкері құтқарып қалған
Sputnik

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында әйел адам өз-өзіне қол салмақ болған, полиция қызметкері оны райынан қайтарды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Петропавлда өз-өзіне қол салмақ болған ер адамды полиция құтқарды

8 сәуірде Есіл ауданында полиция старшинасы Асылхан Абдуллин кезекшілікте жүрген болатын.

Жақсы-Есіл-Бузулук жолында сағат 14:00 кезінде полицей теміржол үстімен өтетін көпірдің шетінде тұрған әйел адамды байқайды. Старшина көлігін тоқтатып, әйелге ақырын жақындап, әңгімелесе бастаған. 

"Жас келіншек жылап, күйеуімен ренжісіп қалғанын, үйіне қайтқысы келмейтінін, өз-өзіне қол салғысы келетінін айтты. Бірнеше минут бойы әйелмен сөйлескен полицей, оны тыныштандырып, райынан қайтарған", — делінген хабарламада. 

Тәртіп сақшылары 35 жастағы әйелді ішкі істер бөліміне апарып, кейін үйіне жеткізіп салды әрі жұбайымен профилактикалық әңгіме жүргізген.