АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстан азаматы қайтыс болды.
27 жастағы жас жігіт сәрсенбі 4 сәуір күні көз жұмған. Бастапқы деректерге сүйенсек, ер адамның жүрегі тоқтап қалған екен.
"Алдағы күндері Қытайдағы Қазақстан елшілігінің консулы Гуанчжоуға барып, тиісті процедураларды ресімдеп, мәйітті Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысады", — деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жас жігіт Жамбыл облысының тумасы екен, тұрғылықты мекенжайы Алматы қаласында. Қазақстандық дипломаттар марқұмның отбасымен үнемі байланыста отыр.