Қоғам

Алматыда Ratel.kz порталының ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті

31 наурызда Медеу ауданы прокуратурасының арызымен Ratel.kz басылымының сайты бұғатталды
Sputnik

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Алматыда азаматтық істер бойынша Медеу аудандық сотында Ratel.kz порталын жабу туралы істі қарау бойынша әңгіме жүргізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ratel порталына Facebook-те жаңалық жариялауға тыйым салынды

Сот тыңдауы Медеу аудандық сотында 15.00-де басталуы тиіс еді. Жиналғандар арасында "Әділ сөз" қорының басшысы Тамара Қалеева, саясаттанушы Досым Сәтпаев болды. Процеске барлығы 20 БАҚ өкілі келген.

Тамара Калееваның мәліметінше, Ratel.kz порталының ісі екі арыз бойынша қаралады: бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов пен оның ұлының жалған ақпарат тарату туралы арызы мен домендік атау бойынша азаматтық арыз.   

Сот залына тілшілер кірген жоқ. 16.00-де жиналғандар алдында журналист Вадим Борейко сөз сөйледі. Оның айтуынша, Ratel мүддесін қорғайтын адвокат БАҚ-пен кездесуден бас тартқан, бірақ тілшіге таратуға болатын біраз мағлұмат беріпті. 

Тілшінің сөзіне сүйенсек, бүгін судья процестің тараптарымен тілдескен, яғни әңгімелесу кезінде прокурор, айыпталушының адвокаты және үшінші тарап ретінде ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі болған.

1 / 3
Вадим Борейко
2 / 3
Медеу аудандық соты алдындағы тілшілер
3 / 3
Медеу аудандық соты алдындағы тілшілер

Вадим Борейко атап өткендей, портал редакциясының айтуынша, прокуратура БАҚ туралы заң талаптарын қате түсіндірген, өйткені, біріншіден, құқық бұзушылықтарды жою туралы ескертуі тиіс болатын, ескерту орындалмаған жағдайда ғана сайт жабылады, ал іс жүзінде сайт келу тәртібімен екі рет жабылған.

Естеріңізге сала кетсек, 2 сәуірде Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналы редакцияларында полиция тінту жүргізді. Хабарланғандай, порталдың бас редакторы Марат Әсіпов пен оның орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталған, ал Forbes Kazakhstan редакциясынан бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталыпты.

Тергеу жүргізуге бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың арызы негіз болған.