Қоғам

Ratel порталына Facebook-те жаңалық жариялауға тыйым салынды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өту"Фейсбук" әлеуметтік желісі
Фейсбук әлеуметтік желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы сотында бейсенбі күні Ratel.kz порталына қатысты азаматтық істі қарау бойынша алдын ала тыңдау өтеді

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Ratel порталына Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында ақпарат жариялауға тыйым салынды. Бұл туралы журналист Вадим Борейко жазды.  

Қалмұханбет Қасымов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ІІМ басшысы Ratel.kz мен Forbes-та жүргізілген тінтуге қатысты түсініктеме берді

"Қазір ғана Сапа Мекебаев (порталдың бас редакторының орынбасары — ескерт.) қоңырау шалды. Ол тергеуге барып келіп, сот ratel.kz сараптамалық порталының фейсбуктегі парақшасына қосымша тыйым салғанын айтты", — деп жазды Борейко.

5 сәуір күні сағат15.00-де Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Ratel.kz порталына қатысты азаматтық істі қарау бойынша алдын ала тыңдау өтеді.    

Айта кетсек, 2 сәуір күні полиция қызметкерлері Ratel.kz порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакцияларында тінту жүргізіп жатқаны белгілі болды. Журналист Вадим Борейконың ақпаратынша, Ratel.kz редакциясында  құжаттар мен компьютерлер тәркіленген. Сонымен қатар, порталдың бас редакторы Марат Асипов, орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталғаны мәлім болды. Қаза болған журналист Геннадий Бендицкийдің үйінде де тінту жүргізілді. Forbes Kazakhstan редакциясында бас редактордың орынбасары Александр Воротилов ұсталды.  


Жаңалықтар
0