Өңірлер

Павлодарда өгей қызын азғындаған ер адам сотталып жатыр

Күдікті педофилдің соты жабық режимде өтеді
Sputnik

АСТАНА, 5 сәуір — Sputnik. Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің бес жасар өгей қызын азғындаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлады Павлодар облыстық соты Sputnik Қазақстанға.

Павлодарда анасы қыздарын азғындаған әкені айыптады

Сот ведомствосының мәліметінше, 30 жастағы ер адам ҚР ҚК 124-бабы 1-ші және 2-тармақтарында қарастырылған қылмыс жасады деген күдік келтірілген. Кінәсі дәлелденген жағдайда ер адам он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салынады. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, ер адам былтыр күз айында бес жасар өгей қызын азғындады деген күдікпен ұсталған. 

Басты сот талқылауы 2018 жылдың 9 сәуірінде сағат 10.00-да өтеді.