Қоғам

Назарбаев: жер алу неге қиындап кеткен?

Астанада қаланы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыс өтіп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада шағын және орта бизнес үшін жер алу неге сонша қиын екенін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Кемшіліктер әлі де бар. Ең көзге түсетіні қалада сауда нысандары үшін жер учаскелерін алу қиын, тіпті мүмкін емес деп шағымданып жатыр тұрғындар. Әсіресе өзен жағасындағы жазғы орындарды алу қиын. Эскиз әкел, бизнес жоспар әкел дейді, бәрі қиындап кеткен. Жаз болса жақындап қалды, ал сауда орындарын ешкім бермейді. Мұнымен кім айналысады?", — деп сұрады прзидент кеңейтілген отырыста. 

Астана әкімінің орынбасары Малика Бектурова Елбасының сұрағына жауап берді.

Исекешев Астана халқын қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

"Мың орындық көше саудасын жүзеге асыруды бастағанымызға екі жыл уақыт болды. Бүгінгі таңда 430 орын бөлінді. Сауда бірыңғай форматта, рұқсат алуды оңайлаттық. Бұрын әр жыл сайын маусымдық саудаға рұқсат алу керек болатын. Әр жыл сайын дер кезінде құжат тапсырып, комиссияның қарауын күту керек болған. Енді адамдар құжатты онлайн тапсырып, жер учаскесін жеті жылға ала алады. Бұл сізге инвестицияны жоспарлауға мүмкіндік береді", — деді Бектурова. 

Назарбаев шағымдардың қайдан түсіп жатқанын сұрады. 

"Сұраныс өте көп, Нұрсұлтан Әбішұлы. Сондықтан біз мың орындық бағдарламаны бастадық, кезең-кезеңмен беріп жатырмыз. Қазіргі таңда  1 сәуірдегі қорытынды бойынша, осындай орындарды белгіледік. Сұраныс бір орын үшін кем дегенде 18-ден 35 өтінішке дейін", — деді әкім орынбасары. 

"Тұрғындарда басқа сұрақтар туындамас үшін бәрін түсіндіру керек. Орындарды басқа жерден іздеңдер", — деп тапсырды президент.