АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Ақтауда қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Сергей Кутепов жоғалып кетті, деп хабарлайды "Лада".
Туыстарының айтуынша, ер адам 1 сәуір күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сол күні Кутепов қоңыр күрте, джинсы, қара көк бас киім мен сұр кроссовка киіп кеткен.
Сергей Кутепов Ақтау қалалық мәслихатының V шақырылымының депутаты болды. 2014 жылы "Қазақстанның халық банкі" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының сол кездегі директоры банктің бұрынғы қызметкерлері миллиард теңге ұрлағаны белгілі болғаннан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Экс-директор Кутепов жұмысына мұқият болмағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сергей Кутеповтың туыстары оның қайда екенін білетіндерден мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8 (701) 522 54 49 немесе 102.