Өңірлер

Ақтауда бұрынғы депутат жоғалып кетті

CC0 / / Ер адам жолда кетіп жатыр
Ер адам жолда кетіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалған ер адам төрт жыл бұрын миллиард теңге жымқыру туралы қылмыстық істің фигуранты болған

АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Ақтауда қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Сергей Кутепов жоғалып кетті, деп хабарлайды "Лада".

Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да жоғалып кеткен қыз екі күннен соң табылды

Туыстарының айтуынша, ер адам 1 сәуір күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Сол күні Кутепов қоңыр күрте, джинсы, қара көк бас киім мен сұр кроссовка киіп кеткен.  

Сергей Кутепов Ақтау қалалық мәслихатының V шақырылымының депутаты болды. 2014 жылы "Қазақстанның халық банкі" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының сол кездегі директоры банктің бұрынғы қызметкерлері миллиард теңге ұрлағаны белгілі болғаннан кейін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

Экс-директор Кутепов жұмысына мұқият болмағаны үшін кінәлі деп танылды.  

Сергей Кутеповтың туыстары оның қайда екенін білетіндерден мына телефондарға хабарласуын сұрайды: 8 (701) 522 54 49 немесе 102.


Жаңалықтар
0