АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Бруно қаласында YouTube видео қызметінің штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
Атыс туралы хабарды осы компанияда жұмыс істейтін Беларусь тумасы Вадим Лаврусик жеткізген.
"YouTube штаб-пәтерінде қаруланған адам жүр. Жұмыс орнымда отырып, атылған оқ үнін естідім, адамдар қашып жатты. Әріптестерімізбен бөлмеде жасырынып отырмыз", — деп жазды ол.
Алғашқы ресми деректерге сүйенсек, төрт адам зардап шегіп, бір адам қаза тауыпты, ал атыс шығарған әйел адам өз-өзіне қол салған.
Video appears to show people being searched amid evacuation during "active shooter" situation at YouTube's headquarters in San Bruno, California. https://t.co/nToqhLSGq9pic.twitter.com/1TuxyBtGVm
— ABC News (@ABC) 3 апреля 2018 г.
АВС телеарнасы хабарлағандай, оқиғаның терроризмге қатысы жоқ, тұрмыстық себептерден болған.