Спорт

"Оны қашан болса да жеңемін". Головкинге тағы бір батыл қарсылас табылды

Жеңіліп көрмеген бразилиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Sputnik

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Бразилиялық Ямагучи Фалькао (15-0, 7 КО) қазақстандық Геннадий  Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жекпе-жек өткізуге дайын, деп хабарлады Sports.kz Boxingscene.com-ға сілтеме жасап.   

Санчес: Головкиннің "Канеломен" жекпе-жегін әлдеқашан тоқтату керек еді

Егер мексикалық Сауль Альваресті (49-1-2, 34 КО) допинг үшін спорттан шеттетсе, 30 жастағы бразилиялық  GGG-мен 5 мамырда жұдырықтасуға дайын.   

"Титул үшін айқасуға дайынмын. Маған керегі тек қана – мүмкіндік. Головкин қарсылас іздеп жатқанын біліп отырмын, онымен кездесуге дайынмын. Мен оны қашан және қайда болса да жеңіп шығамын. Әуесқой және кәсіпқой бокста мол тәжірибе жинақтадым, сол себептен оған қарсы өмірімдегі үздік жекпе-жекті өткіземін. Бірнеше күн бұрын ғана жұдырықтастым, алайда сол қалыпта қайта айқасуға дайынмын. Мен 15-20 күннен кейін шаршы алаңға орала аламын. Маған мүмкіндік берілсе болғаны. Егер  Головкин 5 мамыр күні Ямагучимен жұдырықтасқысы келсе, біз жекпе-жек өткіземіз. Бәрі оп-оңай ", — деді Фалькао.