АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Алматы облысы қорғаныс істері департаментінің басшысын атып өлтірді деген күдікпен оның орынбасары ұсталды, деп хабарлайды ҚР бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 31 наурыз күні таңғы сағат 8-ге таман болған.
"Қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б.Беристемов атып өлтірілді. Күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А.С.Оспанов ұсталды", — делінген хабарламада.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Аталған қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімімен (адам өлтіру) сараланып, Бас әскери прокуратурасының арнайы прокурорының өндірісіне қабылданды.
Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.