Өңірлер

Талдықорғандағы полковниктің өлімі: күдікті қамауға алынды

© AP Photo / Peter DejongҚолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы
Қолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери комиссариатта әскери қызметкер әріптесін атып тастаған еді

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Алматы облысы қорғаныс істері департаментінің басшысын атып өлтірді деген күдікпен оның орынбасары ұсталды, деп хабарлайды ҚР бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 31 наурыз күні таңғы сағат 8-ге таман болған.

Макаров тапаншасын ұстаған ер адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесін атып тастады

"Қызметтік бөлмесінде Алматы облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Б.Б.Беристемов атып өлтірілді. Күдікті ретінде оның орынбасары подполковник А.С.Оспанов ұсталды", — делінген хабарламада.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Аталған қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімімен (адам өлтіру) сараланып, Бас әскери прокуратурасының арнайы прокурорының өндірісіне қабылданды.

Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтар
0