Экономика

Қазақстанда электронды кеден іске қосылды

Автоматтандырылған жүйе кеден шараларын жеңілдетіп, әкімшілік шығынды қысқартады
Sputnik

АСТАНА, 3 сәуір — Sputnik. Қазақстанда "Астана-1" атты кедендік және салықтық басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, деп хабарлады қаржы министрлігі баспасөз қызметі.

Сағынтаев мемқызметтерді электронды форматқа ауыстыруды жеделдетуді тапсырды

"АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік шараны қамтып, мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық деректер базасымен біріктірілген, сонымен бірге ҚР-ның басқа мемлекеттік органдарымен өзара ақпарат алмастыруға мүмкіндік береді", — деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысушылар бірыңғай ақпараттық платформада бола отырып, кез келген операцияны іске асыра алады – бастапқы ақпарат беруден бастап, тауардың шығарылуын қадағалауға дейін. Сонымен қатар бүкіл кедендік процесті автоматты түрде бақылауға мүмкіндік бар.

Жүйені қолданушылар тегін пайдалана алады, барлық кедендік операция интернетте жүзеге асады.