Оқиға

Қостанай облысындағы ауылда ерлі-зайыптылардың денесі табылды

Кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған ауыл тұрғындарының бірі қылмысын мойындаған
Sputnik

АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Қостанай облысындағы Железнодорожное ауылында ерлі-зайыптыларды өлтіріп кетті. 26 наурызда жасалған қылмыс туралы мәліметті өңірлік ІІД растады, деп хабарлайды Alau.kz.

Оңтүстік Қазақстанда жоғалған қыздың денесі табылды

Ақпаратқа сүйенсек, 76 жастағы ер адам мен 74 жастағы әйелдің денесі табылыпты. "Кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу ісі басталған.

Тергеу барысында 41 жастағы күдікті ұсталды, ол сол ауылдың тұрғыны болып шықты. Ер адам қылмысын өзі мойындаған, қазір ұсталып, қамауға алынды.