АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. ОҚО-да жоғалып кеткен жеті жасар қыздың денесі екі күннен соң табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
"28 наурызда 19:58 кезінде қыздың денесі Таскен арнасынан табылды", — деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.
Қыз баланы іздеуге 150-ден астам адам қатысқан: ішкі істер қызметкерлері, ТЖД қызметкерлері.
Қыздың ата-анасы Сарыағаш ауданы ішкі істер бөліміне 26 наурызда арыз беріпті. 28 наурыз күні кешкісін ОҚО ТЖД баспасөз қызметі бүлдіршінді құтқарушы иттер тапқанын хабарлаған болатын. Бір жарым сағат өткен соң ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды.