Мәдениет

"Қазақстан аруы-2018" анықталды

"Қазақстан аруы" ұлттық байқауына республиканың әр жерінен 30 үміткер қатысты
Sputnik

АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. "Қазақстан аруы-2018" атағын Атыраудан келген 16 жастағы Альфия Ерсайын жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан аруы" атанған Альфия Ерсайын Атырау гуманитарлық колледжінің студенті. 

Тәуекел Мүслім "Қазақстан аруына" қоятын басты талабын атады

III вице-мисс атағын "Семей аруы" Динара Баймұратова иеленді. 

II вице-мисс атағы Астанадан қатысқан 19 жастағы Маймуна Күлкешоваға бұйырды. Ол Қазақ технология және бизнес университетінің 2-курс студенті.

"Қарағанды аруы" 19 жастағы Екатерина Дворецкая І вице-мисс атанды.  Халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің 2-курс студенті. Байқауға осымен екінші рет қатысып отыр.  

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 21-ші жыл сайынғы "Қазақстан аруы " ұлттық байқауының финалы өтті. Сұлулық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен 30 бойжеткен қатысты.

1 / 5
Церемония награждения победительницы конкурса "Мисс Казахстан" Альфии Ерсайын
2 / 5
Церемония награждения победительницы конкурса "Мисс Казахстан" Альфии Ерсайын
3 / 5
Атыраулық Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы-2018" атанды
4 / 5
Атыраулық Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы-2018" атанды
5 / 5
Атыраулық Альфия Ерсайын "Қазақстан аруы-2018" атанды

Байқау ашықтығын қамтамасыз ету үшін әділ қазылар алқасы үздік бестікті іріктеді. Ал Қазақстанның ең сұлу аруын қазақстандықтар онлайн-дауыс беру арқылы таңдады.

Жаңа жеңімпаз аруға тәжді қызылордалық Гүлбану Әзімханова тапсырды.

"Қазақ аруы" байқауында ақтаулық бойжеткен жеңіске жетті

Финалда ұлттық, сәнді киімдер сияқты дәстүрлі көрсетілімнен бөлек, көрермендер назарына таланттар шоуы ұсынылды. Аталған шоуда үміткер бес қыз өнер көрсетті.  

Айта кетсек, ұлттық байқаудың финалында әр қаланың жеңімпаз атанған 20 аруы ғана емес, Instagram-кастингі арқылы іріктелген 10 бойжеткен де бақ сынады. Әлеуметтік желідегі кастинг ақпан айында өткен болатын, оған 17 мен 25 жас аралығындағы қыздар қатысты. Жыл сайын Қазақстанның ең сұлу аруы желтоқсан айының соңында таңдалатын. Биыл 21 жыл ішінде алғаш рет ұлттық байқау финалы 31 наурызда өтті және табиғаттың жаңару мейрамы – Наурызға арналды.

Байқау билеттерін сатудан түскен барлық ақша Астанадағы қайырымдылық шараларға жұмсалады. "Қазақстан аруы" жеңімпазына 3 миллион теңге ақшалай сыйлық, дәстүрлі қыз жасауы табысталады. Сонымен қатар жеңімпаз ару танымал брендтермен жарнама келісімшартын бекітіп, Қазақстан атынан "Әлем аруы-2018" байқауына қатысуға жолдама алады.

"Қазақ аруы" кастингіне келген қыздарды Баян Алагөзова қуып шықты

Биыл байқауға  президенттің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты, "Алтын Орда" үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада, "Wyndham Garden" халықаралық қонақ үйінің бас директоры Қайрат Жәнібеков, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші-реставратор Қырым Алтынбеков, танымал актер, тележүргізуші Тәуекел Мүслім, "Қарағанды аруы-2013", байқау тарихында алғаш рет "Қазақстан интернет аруы" атанған Диана Кеңесова, продюсер, тележүргізуші Лейла Сұлтанқызы, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин, "Қазақстан аруы" байқауының "Сұлулық пен қайырымдылық" әлеуметтік бағдарламасының директоры Совет Сейітов, Қазақстанның озық fashion-продюсері, дизайнер Сәкен Жақсыбаев және "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының төрайымы Алена Ривлина-Кырбасова қазылық етті.

Сондай-ақ, байқауда әнші Adam, "Самая вышка"атты соңғы хитімен Raim&Artur дуэті, "Астана Опера" театрының солисі Сүндет Байғожин өнер көрсетті.