Мәдениет

Тәуекел Мүслім "Қазақстан аруына" қоятын басты талабын атады

© Sputnik / Болат Шайхинов"Қазақстан аруы" байқауының финалистері
Қазақстан аруы байқауының финалистері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санаулы минуттан кейін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жыл сайынғы "Қазақстан аруы-2018" ұлттық байқауының финалы басталады

АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Белгілі актер, тележүргізуші Тәуекел Мүслім "Қазақстан аруы" қандай болу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Тәуекел Мүслім бүгін "Қазақстан аруы" ұлттық байқауына қазылық етеді.

Қазақ аруы байқауының архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қазақ аруы" байқауында ақтаулық бойжеткен жеңіске жетті

"Ең алдымен, сырт келбетіне қарап таңдаймыз. Сахнада өзін-өзі ұстауы, білімі, өзін көрсетуі осының бәрін ескереміз", — деді актер. 

Тележүргізуші қазақ аруларына қоятын басты талабын атады. 

"Қазіргі заман адамы болсын десек те, мен өзім "Қазақстан аруының" қазақша сөйлегені және шашы ұзын қазақтың қаракөз қызы болғанын қалаймын", — деді ол.

Тәуекел Мүслім 30 үміткердің арасында "Қазақстан аруы" атағына лайық 8-10 шақты қыз барын айтты. 

"Дегенмен қайсы Қазақстан аруы атанатынын көре жатармыз. Бір ғана менің пікірім ескерілмейді, жалпы 11 әділ қазы мүшесі бар. Ережеге сәйкес, біз үздік бестікті таңдаймыз, сол бестіктің ішінен "Қазақстан аруын" халық дауыс беру арқылы таңдайды. Бүгін бәрі тікелей эфирде болады", — деді тележүргізуші.

Айта кетсек, танымал актер "Қазақстан аруы" байқауына тосын сыймен келіп отыр.

Жаңалықтар
0