Өңірлер

Таразда жас жігіт 3-сынып оқушысын тұншықтырып, подъезге сүйреген

9 жасар қызды зорламақ болған педофил жүйке жүйесі ауруханасында тіркеуде тұрғаны анықталды
Sputnik

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Таразда тал түсте оқушы қызға азғындық жасамақ болған педофил қолға түсті. Айуандық әрекетке барғысы келген жиырма бір жастағы жігітті жергілікті таксист пен оқушы қыздың ұстазы бірігіп ұстап берген. Ақыры қашып құтылмасын білген жас жігіт арам ойының болғанын мойындады. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады. 

Такси жүргізуші көлігіне жылынып алу үшін отырған 12 жасар қызды зорлады

Әлеуметтік желіде №8 мектепте оқитын 3-ші сынып оқушысын зорламақ болды деген күдіктінің суреті жарияланған. Ертесіне оның көшеде жүргенін сол оқушының мұғалімі көріп қалады. Жігітті жалғыз өзі қолға түсіруге әлі келмейтінін білген соң, ұстаз көшедегі таксистен көмек сұрайды. Бекболат Досанов сөзге келмей бірден көлігіне отырып, күдіктінің ізіне түседі. Қашамын деп әбден шаршаған жігіт ақыры ұсталған.

"Ол қатты шаршап қалды. Қолын қайырып, көшеге алып шықтық", — дейді Бекболат Досанов. 

Ал күдіктінің өзі қолға түскен кезде оқушы қызға азғындық көрсетіп, арам ойын жүзеге асырғанын айтады. Бірақ мектеп директоры болса, шәкіртім жәбір көрген жоқ, оған медициналық тексерулер дәлел, дейді. 

Білім ордасы басшылығының айтуынша, 3-ші сынып оқушысын жақындары мектепке жеткізбей жарты жолда қалдырып кеткен.  

Павлодарда жас жігіт 81 жастағы кейуананы зорлады деп айыпталып жатыр

Дәл сол кезде 21 жастағы күдікті жеткіншекті тұншықтырып, подъезге сүйреген. Куәгерлер көріп айғай салған соң, арам пиғылы іске аспай қашып кеткен. Қазір күдікті ұсталған кездегі  бейнежазба әлеуметтік желіге тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Көбісі ұсталған азаматтың ақыл-есінде ауытқушылық болуы мүмкін деген пікірді алға тартуда.

"Екі қыз көріп қалмағанда бәрі де мүмкін еді. Бірақ қуанышымызға орай, азғындықтың алдын алдық", — деді  Тараз қалалық №8 гимназия директорының міндетін атқарушы Әлішер Әзімбай.

Расымен де қамауға алынған жігіттің жүйке жүйесі ауруханасында 10 жылдан бері тіркеуде тұрғаны анықталыпты. Қазір ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал зәбір көрген қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Осы оқиғадан кейін Тараздағы мектептерде тәртіп күшейтілген.