Өңірлер

Тонаушылардың арбауына түскен қариялар қалтасындағы ақшасын өздері шығарып берген

Полиция Өзбекстан азаматтарының әрекетінен зардап шеккендерді іздеп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 30 наурыз — Sputnik. Алматыда Өзбекстан азаматтары гипнозды пайдаланып, зейнеткерлерді арбап, тонап кеткен, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Астанада бақылау камерасы мен куәгерлердің арқасында тонаушылар қолға түсті

Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмыстық топ мүшелері – 5 Өзбекстан азаматы.

"Бұл азаматтар зейнеткерлерді алдаған. Ақшаны тексеріп, жаңасына айырбастап береміз деп ата-әжелердің тиын-тебенін алып тайып тұрған. Бұл қылмыстық топтың әйелдері гипнозды пайдаланған екен: қариялар бөтен адамға қаражатын қалай беріп қойғанын есіне түсіруге қиналады", — деп мәлімет берді Бостандық ауданы полиция бөлімінің басшысы Тимур Өсекбаев.

Қазір барлық тонаушы анықталып, қамауға алынды. Полиция осы қылмыскерлердің әрекетінен зардап шеккендерді іздеп жатыр.