Қылмыс 29 желтоқсанда түнгі сағат жеті кезінде Бөгенбай батыр даңғылы бойында болған.
Азаматтар мен бақылау камерасының көмегімен полицейлер аз уақыт ішінде 23 және 25 жастағы екі тұрғынды тапты, олардан пневматикалық қару мен ақша табылған — 428 500 теңге.
"Тонаушылар асығып кетіп бара жатып, ақшаның біразын түсіріп алған, жолай өтіп бара жатқан кісілер оны кеңсеге әкеп берді", — дейді полиция.
Тергеу барысында ұсталғандар кінәсін мойындады. Олар қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.