Қоғам

Қорғаныс министрлігі әскери шендерін "жуған" әйелдерді жазалады

Қорғаныс министрлігі әскери шенді ішімдікпен атап өту "дәстүрін" мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормасына сай емес деп атады
Sputnik

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі әскери шендерін ішімдікпен атап өткен әйелдердің видеосына қатысты түсініктеме берді. 

Әскери борышын бірге өтеп жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбазға үкім шықты

"Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік қызметшінің әдеп және өзін-өзі ұстау нормасына сәйкес келмейтін факті анықталды. Кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылданды", — делінген хабарламада. 

Ведомстводан атап өткендей, мұндай оқиғалар бірлі-жарым ғана кездеседі. Еліміздің қарулы күштерінде "мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және әскери қызметшілердің әдепке жат қылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар үнемі өткізіліп тұрады, деп сендірді олар.

 

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде қызметтік киімдегі үш әскери әйелдің әскери шендерін ішімдікпен атап өтіп жатқаны түсірілген видео тараған еді. Әскери шенді "жуу" дәстүрі мейрамханада өткені байқалады. Аталған видео желі қолданушылары арасында біраз шу туғызды.