Өңірлер

Рудныйда ер адамды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

Рудный тұрғындарының айтуынша, жүргізушілер жол қозғалысы ережесін сақтағысы келмейді
Sputnik

АСТАНА, 29 наурыз  — Sputnik. Оқиға 28 наурыз күні Қостанай облысындағы Рудный қаласында болған. Аlau.kz жол апатының видеосын жариялады.  

Павлодарда құлаққап киген баланы пойыз қағып кетті
Оқырмандардың айтуынша, Ленин көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолында ер адамды қағып кеткен. Қала тұрғындары бұл ең қауіпті өткелдердің бірі екенін айтып жатыр. Ол жерде адамдарды жиі қағып кететін көрінеді.   

 "Жүргізушілер асығып жүреді, жол қозғалысы ережесін сақтағысы келмейді. Онда сағатына  50 километр жылдамдықпен жүру керек. Бірнеше жаяу жүргіншілер жолы қатар орналасқан, арасы жақын. Өткен жылы қала басшылары мәселені шама шарқынша шешкендей болған. Сол маңға жақын жерге Лениннен Гагаринге бұрылуға тыйым салатын белгі орнатты ", — деп хабарлады оқырман.