АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Брэндон Риостің пікірінше, Сауль Альварес допинг дауына қатысты жазаланбайды, деп жазды prosports.kz.
"Меніңше, Канелоның арқасынан қағып, "Бәрі дұрыс, бірақ мұны қайталама" деп айтады. Бірақ Головкиннің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсететін болса, ол үшін жағдай қиын болар еді деп ойлаймын. Мұнда саясат көп. Меніңше, GGG бірінші жекпе-жекте жеңіске жетті. Бірақ олар тең есепті тіркеді. Енді екінші кездесудің қалай өтетінін көрейік", — деді Брэндон Риос Fighthub-қа берген сұқбатында.
Сондай-ақ, Риос бокстың таза болғанын қалайды.
"NSAC Канелоны жазалауы керек деп есептеймін. Сіздің қаншалықты атақты, қанша ақша тапқаныңыз маңызды емес. Бокстың таза болуы керек. Канелоның орнында танымал емес боксшы болса, оны бірден бокстан шеттетер еді. Альвареске де солай істеу керек", — дейді Риос.