Өңірлер

Дабылды ескерту: Сырдария өзенінде мұздың сөгілуі қауіпті деңгейден асты

Қызылорда облысында 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында су басу қаупіне байланысты дабылды ескерту жарияланды
Sputnik

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Қызылордада Сырдария-Қазалы су бекеті маңындағы мұздың сөгілуі қауіпті деңгей 7,43 метрден асып, 7.51 метрге жетті, деп хабарлайды Қазгидромет. 

"Қазгидромет мамандары Сырдария өзенінің төменгі жағында мұздың сөгілуі одан әрі жалғасып, су деңгейі көтеріледі деп болжайды. Су басу қаупіне байланысты 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында дабылды ескерту жарияланған", — деп мәлімет берді гидрологтар.

Естеріңізге сала кетсек, Қазгидромет 24 және 25 наурызда дабылды ескерту жариялап, 26-29 наурыз күндері Сырдария өзені аңғарынан асуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.