Өңірлер

Дабылды ескерту: Сырдария өзенінде мұздың сөгілуі қауіпті деңгейден асты

© Sputnik / Александр Кряжев/Владимир Сергеев / Медиабанкке өтуМұз сөгілуі
Мұз сөгілуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызылорда облысында 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында су басу қаупіне байланысты дабылды ескерту жарияланды

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Қызылордада Сырдария-Қазалы су бекеті маңындағы мұздың сөгілуі қауіпті деңгей 7,43 метрден асып, 7.51 метрге жетті, деп хабарлайды Қазгидромет. 

"Қазгидромет мамандары Сырдария өзенінің төменгі жағында мұздың сөгілуі одан әрі жалғасып, су деңгейі көтеріледі деп болжайды. Су басу қаупіне байланысты 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында дабылды ескерту жарияланған", — деп мәлімет берді гидрологтар.

Естеріңізге сала кетсек, Қазгидромет 24 және 25 наурызда дабылды ескерту жариялап, 26-29 наурыз күндері Сырдария өзені аңғарынан асуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.


Жаңалықтар
0