Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда жоғалған қыздың денесі табылды

Жеті жасар қызды екі күн бойы іздеген, денесі Таскен арнасынан табылды
Sputnik

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. ОҚО-да жоғалып кеткен жеті жасар қыздың денесі екі күннен соң табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

ОҚО-да жоғалып кеткен қыз екі күннен соң табылды

"28 наурызда 19:58 кезінде қыздың денесі Таскен арнасынан табылды", — деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.

Қыз баланы іздеуге 150-ден астам адам қатысқан: ішкі істер қызметкерлері, ТЖД қызметкерлері.

Қыздың ата-анасы Сарыағаш ауданы ішкі істер бөліміне 26 наурызда арыз беріпті. 28 наурыз күні кешкісін ОҚО ТЖД баспасөз қызметі бүлдіршінді құтқарушы иттер тапқанын хабарлаған болатын. Бір жарым сағат өткен соң ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды.