Мәдениет

Жақсылық Үшкемпіров туралы фильмге кастинг жарияланды

Атақты палуан туралы кинокартина "Жеңімпаз" деп аталады
Sputnik

АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Жеңімпаз" атты толықметражды көркем фильм түсіргелі жатыр, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі.

Депутаттар Сағынтаевтан "Қазақфильм" киностудиясын сатпауды сұрады

Картина Кеңес одағының классикалық күресшісі, әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды. 

Фильмнің режиссерлері – Бақыт Қайырбеков пен Алексей Каменский.

"Қазақфильм" киностудиясы аталған жобаға басты және эпизодтағы рөлдерге актерлер кастингін жариялайды. 

Талап бойынша, фильмге 5-7 жас аралығындағы ұлдар (жүзе білуі, атқа міне алуы қажет):  9-15 жас аралығындағы қыз балалар; 15-29 жас аралығындағы арықтау келген жас спортшылар (күресе білуі қажет); 30-дан 60 жасқа дейінгі спортшы ер адамдар (күресе білуі қажет); 18-22 жас аралығындағы студент қыздар; 20-дан 60 жас аралығындағы ер адамдар мен әйел адамдар КЕРЕК.

"Кастингке қазақ тілін меңгерген барлық ұлт өкілін шақырамыз. Барлық үміткер өздері туралы анкеталық ақпаратты (аты-жөні, жасы, бойы, салмағы, кинодағы тәжірибесі, байланыс телефондары) толтырып, сондай-ақ, фотоға түсіп (тұла бойы, ірі планда анфас және ірі планда профиль) e-mail: mergen_kasting_kz@mail.ru электронды поштасына жіберуі қажет", — делінген хабарламада.