Спорт

Қазақстандық әлем чемпионы танымал промоутермен келісімшартқа отырды

Енді Садриддин Ахмедов Давид Лемьенің промоутерімен жұмыс істейді
Sputnik

АСТАНА, 28 наурыз — Sputnik. Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық талантты боксшы Садриддин Ахмедов танымал канадалық Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды prosports.kz.

Головкин – Альварес реваншын жарты жылға кейінге қалдыру ұсынылды

Енді 20 жастағы жас бокс жұлдызы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Лемьенің промоутері канадалық Камиль Эстефанмен бірге жұмыс істейді.

Садриддин Ахмедов Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының қатарына қосылған алғашқы қазақстандық емес. Бұған дейін бұл компания қатарында Нұрзат Сабиров (4-0-0, 4КО), Абылайхан Хусайынов (7-0-0, 5КО) және Батыр Жүкембаев (11-0-0, 8КО) қатарлы қазақстандық боксшылар болған.

Ал Квебекте (Канада) дайындық жұмыстарын бастап кеткен Садриддин 7 сәуір күні дебюттік жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр.