Өңірлер

Алматыда қарулы қарақшы супермаркетті тонады

Тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада анықтап, қолға түсірді
Sputnik

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Алматыда құқық қорғаушылар ірі супермаркетті тонаған қарақшыны құрықтады. Ақпаратты қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды

Полицейлердің хабарлауынша, қарақшы дүкеннің екі күндік кірісін тонап кеткен, ал бұл үш жарым миллион теңгеден артық.

Қылмыс супермаркет жабылған кезде жасалған. Медициналық маскамен бетін бүркеген қарақшы пышақпен қаруланыпты. Шабуыл кезінде супермаркет қызметкерлері зардап шеккен жоқ. 

Жедел тергеу тобының шапшаң әрекетінің арқасында қылмыскер алғашқы сағаттарда анықталып, қолға түскен. Қазір қамауда отыр.