Қоғам

ШҚО Астана қаласына сыйлық үшін 1 миллиард теңгедей жұмсайды

Шығыс Қазақстан облысы Астананың Ботаникалық бағына жарқырайтын әрі музыка ойнайтын фонтан орнатады
Sputnik

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Астана мерейтойына сыйлық үшін Шығыс Қазақстан әкімдігі бір миллиард теңгедей жұмсамақ.

Исекешев Елбасыға Астананың 20 жылдығына дайындық барысын баяндады

Бұл қаражатқа жергілікті билік өкілдері елордада жарқырайтын әрі музыка ойнайтын фонтан орнатады. Ол шілде айында ашылатын Ботаникалық бақтың аумағында пайда болады.

"Фонтанның болжамды бағасы – 938 миллион 164 мың теңге", — деді ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары  Алма Қайрақанова.

YK-News.kz басылымы жазғандай, үлгі ретінде Өскемен фонтанының құрылысы пайдаланылмақ болған. Алайда елорданың әкімдігіне бұл идея ұнамапты. ШҚО фонтанның аумағына тиіспей, тек субұрқақтың өзімен ғана айналысады.